Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты - профилактикалық шараларды дамыту және жетілдіру, сондай-ақ жұмыс берушілер, қызметкерлер және барлық азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру бағытында ведомствоаралық іс-қимылды күшейту табылады.
Деніміз сау болу, қауіп-қатер факторларынан қорғану, біздің басты байлығымыз – денсаулығымызды барлық қолжетімді тәсілдермен қорғау - осы принциптер біздің өміріміздің аксиомасы болуы тиіс.
«Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» әлеуметтік маңызы бар аурулардың, қауіп-қатер факторларының алдын алу, тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спортпен айналысуды насихаттау; салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламаларын енгізу бойынша ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жүргізеді.
Жаңалықтар
"Тұмау мен ЖРВИ алдын алу"
22.11.2023
2023 жылғы 22 қарашада Орал қаласының №48 ЖОББМ оқушыларына Батыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы А. Ж. Үмбетова "Тұмау мен ЖРВИ алдын алу" тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
«Нашақорлықтың алдын алу»
16.11.2023
2023 жылдың 16 қараша күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Батыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.