Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Менің ұраным – салауатты өмір салты!

қаз  рус
Пайдалы кеңестер

«Жалын» ЖДО

«Жалын» жастар денсаулық орталығы

«Жалын» жастар денсаулық орталығы – Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жанында қолжетімділік, сенімділік, жақсылық жасау негізінде жұмыс атқарады.

Кез келген жасөспірім немесе 24 жасқа дейінгі жас адам өзіне қажетті медициналық, психологиялық көмек алу үшін біздің орталықта кәсіби дәрігерлер мен мамандардың жәрдемі мен ақыл-кеңесіне тегін әрі құпиялылық негізде жүгіне алады.

Қызметінің негізгі бағыттары:

1. Кеңес беру:

Балалар, жасөспірімдер мен жастарға төменде көрсетілген мамандардың кеңесі тегін беріледі:

- гинеколог
- дерматовенеролог
- психолог

2. Әлеуметтік-психологиялық:

- балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналарына тұлғааралық қарым-қатынас, қауіпті мінез-құлықтың алдын алу туралы жеке психологиялық кеңес беру.

3. Ағартушылық:

- салауатты өмір салты, аурулардың, қауіп-қатер факторларының алдын алу бойынша жасөспірімдерге арналған тақырыптық сабақтар, тренингтер өткізу. Тренингтің негізгі тақырыптары: темекі шегудің, ішімдік тұтынудың, нашақорлықтың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу; ұрпақ өрбіту денсаулығы; жеке тазалықты сақтау; адамдардың тіл табысу психологиясы және т.б.;

- салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қалалық бұқаралық іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар өткізу.

4.Еріктілер дайындау және олардың қызметін үйлестіру:

- жастар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу.

5. Жасөспірімдер мен жастар үшін сенім телефоны жұмыс жасайды

Сенім телефоны: 50-47-25

Біз сіздерге әрдайым қуаныштымыз!

Фото

Полиграфия

2014-2023 Copyright © СӨС Барлық құқықтар сақталған.

Top.Mail.Ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау "Web-inSite"