Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Менің ұраным – салауатты өмір салты!

қаз  рус
Пайдалы кеңестер

МӘМС жөніндегі сұрақтар мен жауаптар

 

Сұрақтар

Жауаптар

Халықтың сұрақтары

1.                  

Ел азаматы ретінде, МӘМС енгізуден мен не аламын?

 

Біріншіден, ҚР аумағында Сіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын толығымен Қор өтейді;

Екіншіден, ТМККК және МӘлМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз;

Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынатын, құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған дәрілік заттардың тізбесіне толық қолжетімділік (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген);

Төртіншіден, ӘМСҚ-да Сіздің пайдаңызға аударылған жарналар және медициналық ұйымдарда Сізге көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі;

Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде менің құқықтарым бұзылған жағдайда Қор арқылы өз құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғау.

2.                  

1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?

 

Қоғамда жүзеге асырылатын кез-келген қайта құрулардің жағмыды, сондай-ақ теріс жақтары бар. 1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар. Бұл реформаның ең басты нәтижесі денсаулық сақтау субъектілері желісін және экономикадан қосымша қаражат тарту есебінен түгел халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін сақтап қалу болып табылады.

Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы балаларға арналған мектепге дейінгі мекемелерді жеке секторға беруге алып келді, оның салдары әлі күнге дейін сезіледі.

Одан басқа, 90-жылдардың экономикалық шындығы ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді. 20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржы қиыншылықтарына тап болғаны есімізді, олардың көпшілігі банкроттық жағдайына дейін жеткен, жалақы бойынша үлкен берешек жинаған болатын.

Қор жағдайы халықтың белсенді емес санаттары үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге арналған жергілікті атқарушы органдар да қиын жағдайда  болғанымен ушықты.

Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘМСҚ-қа жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

3.                  

МӘМС енгізу медициналық қызметкерлердің ақшалай «ризашылығын» шешуге қалай көмектеседі?

 

Біріншіден, медицина қызметкерлерінің ақшалай «ризашылығының», яғни қосымша бейресми төлемдердің негізінде, ең алдымен, жалақы төлеудегі теңестіру жатыр.

Бүгінгі күні бір мамандық дәрігерлері білікітілігіне, тәжірибесіне, машықтары мен біліміне қарамастан бірдей жалақы алады.

Міндетті әлеуметтіе медициналық сақтандыру жағдайында пациенттердің ризашылығын алған дәрігер өзі көрсететін қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес (немесе адекватты) жалақы алатын болады.

Екіншіден, азаматтар жарналарды аудара отырып, өзінің мүмкін болатын емдеуге жатқызылуын немесе емханаға жүгінуін төлейді. Осыған байланысты, жүйеге қатысушылар МӘМС жүйесі белгілеген жарналардан басқа, қосымша төлемдерді жүзеге асырмауға тиіс.

Осылайша, медициналық ұйымдардағы бейресми төлемдердің проблемасы өзекті болмайды және біртіндеп жойылады. 

4.                  

Мен үш баланың анасымын, ажырасқанмын, ресми түрде жұмыс істемеймін, алимент алмаймын, қосымша табыстар болып тұрады. МӘМС-пен не істеймін?

 

Біріншіден, сіздің балаларыңыз 18 жасқа толғанға дейін олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет енгізетін болады.

Екіншіден, егер сіз жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі баланы күтуді жүзеге асырсаңыз, бұл кезең үшін мемлекет Сіз үшін де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды жүзеге асыратын болады.

Үшіншіден, Сіздің балаларыңыздың жасы 18 жастан асса, медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін:

а) Сіз жұмыспен қамту органына хабарласуыңыз керек, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін жарналар төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады.

б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеле аласыз және Медициналық сақтандыру қорына, сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналарды жүзеге асыра аласыз.

в)   айтылған екі нұсқалар ұнамаса, Сіз өзініз екінші деңгейдегі банк арқылы Медициналық сақтандыру қорына ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналарды жүзеге асыра аласыз.

5.                  

Айтыңызшы, ҚР барлық аумағы бойынша сақтандырылған азаматтарға, мысалы, іссапарға жіберілген, демалыстағы адамдарға медициналық қызметтер көрсетіле ме? Әлде тек тіркелген тұрғылықты орын бойынша ма?

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер, сақтандырылған азаматтық орналасқан жерінен тәуелсіз, Қазақстан Республикасының барлық аумағында көрсетіледі.

 

6.                  

Маусымдық жұмыстарда немесе тұрақсыз сипаттағы жұмыстарда істейтін азаматтар үшін олардың табыстары қалай есептеледі?

 

Тұрақсыз табыс кезінде аталған санаттар Медициналық сақтандыру қорына екінші деңгейдегі банктер арқылы ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналар төлей алады. Ағымдағы кезеңде бұл ай сайын457 теңгені құрайды.

7.                  

ҚР-да жұмыс істейтін шетелдіктерге, еңбекші мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 2-баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Мысалы, Еуразиялық кеңістігі бес елінің аумағында (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь) жедел және кейінгі қалдыруға болмайтын медициналық көмек өтеусіз негізде көрсетіледі.Егер мұндай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ЕМС шеңберінде және ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады.

8.                  

Жұмыссыздарға, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға және елдің экономикалық белсенді емес халқының басқа да санатына медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?

Салық төлемдерін жүзеге асырмайтын, өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған азаматтардың саны ҚР-да бүгінгі күні 500 мыңнан астам адамды құрайды. Халықтың бұл санаты 2020 жылға дейін жоспарлы емдеуге жатқызуды қоспағанда, медициналық көмектің түгел пакетін, яғни адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін жай-күй кезінде алады,

Сонымен бірге, халықтың бұл санатына мынадай мүмкіндіктер  беріледі:

а) Сіз жұмыспен қамту органына хабарласуыңыз керек, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін жарналар төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады.

б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеле аласыз және Медициналық сақтандыру қорына, сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналарды жүзеге асыра аласыз.

в) айтылған екі нұсқалар ұнамаса, Сіз өзініз екінші деңгейдегі банк арқылы Медициналық сақтандыру қорына ең төменгі жалақы төлемінің 2%-ы көлемінде жарналарды жүзеге асыра аласыз.

9.                  

МӘМС кезінде төлеушінің өлімі жағдайында жиналған қаражатты туыстарына беру көзделген бе?

Көзделмеген, әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе болып табылмайды. Әрбір төлемші жарналарының сомасынан тәуелсіз, барлық халық санаттары медициналық қызметтерге бірдей қолжетімділікке ие болмақ.

10.              

МӘлМС шеңберінде АИТВ-инфекциясы: механизмі қандай, сақтандыру тізбесіне кіреді ме, қаржыландыру және т.б. (қаншалықты қозғалады)?

Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізіміне кіретін АИТВ-инфекциясымен байланысты, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде ұсынылады және сақтандыру пакетінің кеңеюіне байланысты Қорға беріледі.

11.              

Неше жасқа дейінгі балалар ММС жүйесіне енгізетін жарналардан босатылатынын айтыңызшы?

18 жасқа дейінгі балалар, студенттер және жоғары оқу орындарының түлектері бітіргеннен кейін 6 айға дейін ӘМСҚ-қа төлейтін жарналардан босатылады.

12.              

МӘМС санаторийлік-курорттық емдеу алуды көздейді ме?

МӘМС-ның медициналық қызметтер пакеті санаторийлік -курорттық емдеуді көздемейді, бірақ сақтандыру қаражаты есебінен бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) бойынша оңалту көмегін кеңейту болжамдалады.

13.              

Қазақстанның медициналық сақтандыру қорымен аумақтық белгісі бойынша шарт жасаған медициналық ұйымдар туралы қайдан білуге болады?

Медициналық сақтандыру қорының ресми порталында ӘМСҚ-пен келісімшарт жасаған медициналық ұйымдардың тізбесі орналасады, сондай-ақ қордың ақпараттық қызметтерінде ақпарат алуға болады.

14.              

ӘлМСҚ-пен шартқа отырмаған коммерциялық емхананың дәрігері жазып берген дәрілік заттарға жұмсалған шығыстарды ӘлМСҚ өтей алады ма?

Клиника мен ӘМСҚ арасында шарт жасалған жағдайда, коммерциялық клиниканың дәрігері жазып берген дәрілік заттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шығындарын өтейді.

15.              

Емханаларда ұйымдастырушылық техника жетіспейді, ал қолданыста бары ескірген, сондықтан анализге рецептті немесе жолдаманы 40 минуттай тосуға тура келеді (осындай жағдай 6 емханаларда бар). Оған қоса қабылдау графигі сақталмайды. Сонымен қатар медициналық персонал екі есептілікті жүргізуге мәжбүр – қағаз және электрондық. Нәтижесінде, тар көлемді маманға жету үшін алдымен терапевт кабинетінің жанында жарты күн тұру керек, одан кейін УДЗ немесе басқа да тексерулерге жету үшін тағы 2-3 апта күту керек. Осындай жағдайларда, ақылы дәрігерге қаражаты жоқ науқастар алтын уақыттарын жоғалтады, ауру келесі кезеңге көшеді. Бұл проблема медициналық сақтандыруға көшкен кезде шешіледі ме? Қалайша?

Біріншіден, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жағдайында медициналық қызметтер көрсету үшін конкурсқа медицина қызметкерлерінің саны және медициналық көмекті ұйымдастыру құрылымы ең төменгі белгіленген талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана қатыса алады.

Екіншіден, конкурста сапалы медициналық көмек көрсете алатын ұйымдар ғана жеңе алады. 

Ауылдық денсаулық сақтауға қатысты, оларға бірыңғай қызметтер беруші ретінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жыл сайынғы арттыру талаптары қойылады. 

Үшіншіден, ауруханалар мен емханаларда 2018 жылдан бастап техникалық жарақтандыру мүмкіндігі болады, өйткені осы жылдан бастап оларға амортизациялық аударымдарға қаражат бөлінетін болады.

Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі таңда E-GOV арқылы қабылдауға жазылуға мүмкіндік береді. Ал МӘМС енгізуге қарай барлық ұйымдар МӘМС-тің ИТ қолжетімділігі болуы қажет.

16.              

Медициналық сақтандыру дәрігер жазып берген дәрілерге жұмсалған шығынның орнын толтырады ма және қандай ауруларды 100%-дық өтеу қамтамасыз етеді?

Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсынылатын тегін дәрілік заттардың тізімін айқандады. МӘМС пакеті шеңберінде осы тізбе тек сақталып қана қоймай, сондай-ақ бірқатар позициялар бойынша кеңейтіледі және жақсартылады.

17.              

ММС жүйесінде сақтандырылған адам республикадан тыс жерде тегін емделе алады ма?

Жоқ. Медициналық сақтандыру қоры тек Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық қызметтер ғана ақы төлейді.

18.              

Жұмыс беруші ӘлМСҚ-қа мен үшін жарна төлейтіні туралы өз бетінше қалай білуіме болады?

Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз болса, онда Сіз, Медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру жарналарының аударылуы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке электрондық поштаңызға ала аласыз немесе жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, Қорға ресми түрде сұрау жібере аласыз.

 Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз болмаса, онда Медициналық сақтандыру қорындағы жарналар туралы емханаға, МЗТО, ХҚҚО, аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына хабарласып білуге болады.

19.              

Егер мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға жатсам, менде уақытша табыстар болса және мен жұмыссыз ретінде тіркелмеген болсам, онда мен ӘлМСҚ-қа жарналар аударуға тиіспін бе, егер ия болса, онда қайдан және қанша пайыз аудару керек?

Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатсаңыз, онда 2020 жылға дейін Сізге жоспарлық емдеуге жатқызудан басқа, медициналық көмектің барлық пакеті ұсынылады. Біз Сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді және мәлімдеген табыстан жарналар төлеуге, екінші – жұмысқа орналасу немесе жұмыссыз мәртебесін алу үшін жұмыспен қамту органдарына жүгінуді ұсынамыз, үшінші – сондай-ақ дербес екінші деңгейдегі банктер арқылы ӘлМСҚ-қа МЖА-ның 2%-ы көлемінде жарналар төлеуге болады.

20.              

Жұмыс орнын ауыстыру кезінде, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін менде 1-2 ай үзіліс болды, МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер пакеті жұмыс істейді ме?

Ұсынылатын нормалар бойынша соңғы жарна жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде МӘлМС-те медициналық көмекке құқық сақталады, сонымен бірге 3 айға жасалатын жарналарды төлеу міндеттемесі (қарыз) сақталады

21.              

Жеке зертханаға жүгінген кезде медициналық сақтандыру қоры менің анализ тапсыруға жұмсалған шығыстарымды төлейді ме?

Қор зертхананың қызметтерін тікелей төлемейді. Бірақ, егер сіз қормен шарт жасалған  емхананың жолдамасы бойынша зертханаға жүгінсеңіз, олар Сізге тегін болады.

22.              

Адам сақтандырылғаны туралы қалай білуге болады?

Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңнамаға сәйкес жұмыс беруші ай сайын, келесі есепті айдың 15-күнінен кешіктірмей Сізге есептелген (ұсталған) және аударылған жарналар және (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, бұл ақпаратты портал арқылы және Қордың филиалдарынан, МЗТО, ХҚҚО, e-gov порталында және Сіз бекітілген емханаларда тексеруге болады.

23.              

Қай уақыттан бастап адам МӘлМС жүйесінде сақтандырылған болып есептеледі – еңбек шартын жасаған кезде ме, әлде жұмыс беруші бірінші жарнаны аударған кезінде ме?

Медициналық сақтандыру қорына жарнаны аударған сәттен бастап.

24.              

Ерікті медициналық сақтандыру сақталады ма? Қызметтер МӘлМС-кенемесе ҚМС-ке қосарланады ма?

Ерікті медициналық сақтандыру жойылмайды. МӘМС пакетіне кірмейтін жекелеген медициналық қызмет түрлері ЕМС арқылы төленеді, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті мерзімді қаралу, санаторийлік-курорттық емдеулер және т.б. Барлығы жеке адамның немесе кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Жеке тұлға немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт негізінде) МӘМС пакетіндегі қызметтерді қайталамайтын ЕМС қызметтер пакетін таңдай алады.

25.              

Науқас емханаға процедура кабинетіне, емдейтін дәрігер белгілеген процедураларды орындау үшін шприцтарды өз есебінен сатып алып, өзімен бірге әкелуге міндетті ме?

Жоқ, Егер Сіз медициналық көмекті ТМККК және МӘМС шеңберінде алсаңыз, олар медициналық ұйымда болуға тиіс.

26.              

Мысалы, адам үшін мемлекет жарна төледі, одан кейін ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатына көшеді. Үзілістер немесе екі еселік сақтандыру болмайды ма?

Қосарланған сақтандыру мүмкін емес, өйткені, Сіз мәртебені ауыстырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кезде, бұл ақпарат салық органдарында көрінеді және медициналық сақтандыру қорына түседі. Егер Сіз жұмыссыз болып, одан кейін мәртебеңізді ауыстырсаңыз, онда сәйкесінше мемлекет жарналарды төлеуді тоқтатады.

27.              

Азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты  тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерге жауапты. Заңның ұсынылатын нормаларына сәйкес:

-   жұмыс істемейтін оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне бір жылдың ішінде мемлекет жарналарының есебінен («оралман» мәртебесі 1 жылға беріледі, егер ол осы кезең ішінде азаматтық алмаса, ол «шетелдік» болып есептеледі);

-   ҚР аумағында тұрақты тұратын, жұмыс істемейтін шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне ҚР азаматтарымен бірдей;

-   жұмыс істейтін шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне жалпы негіздерде.

28.              

Сақтандыру бойынша көрсетілетін медициналық көмекке егулер жатады ма?

Профилактикалық егулер барлық ел азаматтарына арналған мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтердің базалық пакетіне кіреді (ТМККК).

29.              

Жұмыссыздарға медициналық сақтандыру алу үшін жұмыссыз мәртебесін алуға тиіс деп айтады. Бірақ, егер ауылда жарамды жұмыс болмаса және ЖК ашуға да табыс жетпесе, тек 2-3 сиыр мен бақша ғана болса, онда қалай болғаны. Яғни, ертең бізге медициналық көмек көрсетуден бас тартылады ма?

Сізге көмек беруден бас тартылмайды, өйткені барлық азаматтар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бар. Бұл жедел-жәрдем көмек және санитариялық авиация; әлеуметтік мәні бар аурулар және шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; профилактикалық егулер; амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етумен амбулаторлық-емханалық көмек (2020 жылға дейін). Егер Сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелсеңіз, онда  мәлімдеген табыстан жарналар төлейсіз, егер тұрақсыз табысқа ие болсаңыз, онда ағымдағы кезеңге ең төменгі жалақының төлемінен жарналар төлейсіз.

30.              

Емдеуге жатқызуға төлем қалай жүргізіледі?

Шұғыл жағдайларда 1 тәулікке дейінгі емдеуге жатқызу, азамат сақтандырылған немесе сақтандырылмаған екеніне тәуелсіз төленеді. Сосын, бір тәулік өткеннен кейін емдеуге жатқызу жоспарлы болып саналады, оған сақтандырылғандарға және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандарға ғана төлем жүргізіледі (2020 жылға дейін).

 

31.              

Мынадай жағдайда қалай болады? Жұмыссыз ретінде тіркелмеген, бірақ қазіргі кезде арнамалы ауру бойынша туберкулез диспансерінде орналасқан, ЖММК кардиохирургия бойынша жылдам емделуге қажетсінуде. 

Әлеуметтік мәні бар аурулар 2024 жылға дейін кезең-кезеңмен МӘМС пакетіне беріледі. Туберкулезбен ауырған адамдарға ЖММК көрсету мемлекет есебінен көзделеді.

32.              

Жұмыс беруші аударатын жарналар жұмыскердің жалақысына байланысты ма?

Иә, жарналар табысқа мөлшерлес. ӘМСҚ-қа жарналар жүргізілетін Кәсіпорын еңбектеріне ақы төлеу қоры жұмыскерлердің жалақысынан қалыптасатынын атап кеткен жөн.

33.              

МӘлМС-ке жарналар аудару есептелген жалақыдан немесе салық ұсталып қалған (зейнетақы; табыс) жалақыдан төленеді ме?

Жарналарды аудару зейнетақы аударымдарын шегергеннен кейін және табыс салығын шегергенге дейін жүргізіледі.

34.              

Кез келген стационарға немесе емханаға (оның ішінде жеке) тіркеусіз немесе жолдамасыз хабарласуға болады ма?

Болады. Емхананы өзіңіз таңдап және осы емханада медициналық көмек аласыз. Емдеуге жатқызу дәрігердің жолдамасы бойынша және таңдалған стационарда жүзеге асырылады.

Шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек бекітусіз және жолдаумыз көрсетілетін болады.

МӘМС пакетінің шеңберіндегі медициналық қызметтер аумақтық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының түгел аумағында көрсетіледі. Бұл ретте медициналық ұйым мен Медициналық сақтандыру қорының арасында жасалған шарт жалғыз шарт болып табылады.

 

35.              

Егер қолданыстағы жүйе жап-жақсы жұмыс істесе, онда бізге міндетті сақтандырудың қажеті неде?

1. Медициналық ұйымдардың арасында пациенттерді тарту үшін бәсекелестіктің болмауы.

Қолданыстағы жүйеде мемлекет бірыңғай қызметтер беруші ретінде болмақ, ол медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдардың арасында қаражатты біркелкі бөледі.

Бұл ретте, біркелкі бөлу практикада бір бейіндегі және бірдей өткізу қуаты бар медициналық ұйымдар олар көрсететін медициналық көмектің сапасына қарамастан қаржыландырудың бірдей көлемін алады.

Бүгінгі таңда медициналық ұйымның мақсаты пациенттердің жоғары санын тарту үшін сапа бәсекелестігі емес, барынша артық қаражат алу болып табылады.

2. Ақы төлеудегі теңестіру және бейресми төлемдердің өсімі.

Қаражатты біркелкі бөлудің салдары болып табылатын келесі мәселе – медицина қызметкерлеріне, ең алдымен дәрігерлерге жалақы төлеудегі теңестіру.

Дәрігердің тәжірибесіне, біліміне және машықтарына қарамастан барлық мамандарға бірдей жалақы ұсынылады.

Осыған байланысты, пациенттер таңдайтын көптеген дәрігерлер жеке құрылымдарға ауысып немесе жеке кабинеттер ашуда.

Үздік дәрігерді іздестіру, оған жүгіну бейресми төлемдердің өсуіне алып келді.

3. Әлеуметтік патернализменен бас тарту.

Біздің қоғамда әлеуметтік патернализм сақталуда, бұл медицина азаматтардың кемінде 80%-ын қамтамасыз етуі және денсаулығын қамтамасыз ете алады. Ал практикада азаматтардың кемінде 20% денсаулығы медицинаға тәуелді, ал қалғаны – өмір салтына және қоршаған ортасына және генетикасына байланысты.

Осындай жүйе дайын және тиісті жаңғыртуды талап етеді. Әлемдегі осындай тиімді моделдердің бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі болып табылады.

Оның негізгі қағидаттары:

а) халыққа медициналық көмек көрсететіндерді қаржыландыру, бұл жалпы медициналық қызметтердің нарығын дамытатын болады;

б) сапалы медициналық қызметтер көрсететіндерге көбірек төлеу;

в) мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың өзі арасында жауапкершілікті бөлу.

36.              

Медициналық сақтандыруды енгізу бойынша қандай елдер бізге үлгі болады және нәтижесінде Германия немесе Корея сияқты медицина бізде де болады ма?

МӘМС енгізудің жеке тәжірибесі, денсаулық сақтау жүйесі ұқсас елдерде (шамамен 30 ел, оның ішінде Германия, Ресей, Шығыс Еуропа елдері) әлеуметтік сақтандыру мәселесімен тікелей айналысатын Дүниежүзілік Банктің мамандарын және тәуелсіз халықаралық сарапшыларды тартумен қолданыстағы халықаралық практика зерделенді. Мұқият талдаудың негізінде МӘлМС-тың жеке үлгісі әзірленді, ол қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, қазақстандық реалияларға жауап береді. Біз жоғары сапалы медициналық көмек ұсынылатын әлемнің дамыған елдер санына кіруге тырысудамыз

37.              

Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін жарналар төлеген кезде қандай да бір жеңілдіктер болады ма?

Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін жарналар төлеген кезде жеңілдіктер қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң барлық жұмыс істейтін халық үшін жарналардың бірыңғай көлемін орнатты. Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің жарналары: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы көлемінде орнатылады

38.              

Медициналық сақтандыру қорында экономикалық ахуалдың төмендеу жағдайына резервтерді қалыптастырудың дағдарысқа қарсы сценарийі бар ма?

Бұл сияқты  макроэкономикалық ауытқуларды өтеу үшін мынадай шаралар қарастырылған:

Қор активтерінің 3 %-ына дейінгі көлемде резервтерді қалыптастыру;

ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы орташа айлық жалақыдан мемлекет міндеттемелерін белгілеу арқылы макроэкономикалық деңгейлестіру құралдары (дағдарыс кезеңдерінде бұл бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қамтамасыз етеді);

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша мемлекет тарапынан кешенді іс-шаралар, кірістерді заңдастыру, халықты ақпараттандыру және т.б.

 

39.              

Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражатын әр түрлі қатерлерден, бірінші орында инфляциядан қорғау қарастырылған ба?

МӘлМС туралы заңнамаға сәйкес, ӘлМС қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар қарастырылған. Бұл  резервтерді қалыптастыру, төмендетілмейтін айлық қалдықтың болуы, табыс пен шығыстарды адекватты жоспарлау және елдің экономикасында болып жатқан өзгерістерге уақтылы әрекеттесу.

Одан басқа, халыққа медициналық көмек медицина ұйымдарының шығындарын үнемі қаржыландыруды талап етеді, сондықтан барлық келіп түскен қаражат сол айда осы шығыстарды өтеуге жұмсалады. Мүмкін шағын ауыспалы қалдықтар болады, олар медициналық қызметтерді пайдалану жағдайында шығындалады

40.              

Мен МӘлМС шеңберінде көрсетілген қызметтер бойынша ақпаратты қадағалай аламын ба? 

Электрондық денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азаматқа логин және құпиясөз арқылы жеке кабинетке қолжетімділік ашық болады, онда көрсетілген медициналық қызметтер, олардың құны туралы ақпаратты қадағалауға болады, сондай-ақ ол жерде емделу барысы, диагностика, анализ нәтижелері және т.б. туралы мәлімет орналасады

41.              

Қордың шығындары бойынша ақпарат халық үшін қаншалықты айқын болады?

Қазіргі таңда, жаңа модельде қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі қарастырылған. ӘлМСҚ қызметінің айқындылығы мыналар арқылы жүзеге асырылады:

-        жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті мониторингі;

-        көрсетілген медициналық қызметтердің күнделікті мониторингі;

-        қаражатты пайдалану туралы стандартты есепті уәкілетті органға ұсыну (ДСӘДМ, ҚМ, Үкіметке, Есеп Комитетіне);

-        қоғамға жыл сайын жылдық есепті жариялау (қысқаша газеттерде, толық вебсайтта және жеке БАҚ басылымдарда)

-        ӘлМСҚ-ның стратегиялық құжаттары (5 жылға даму стратегиясы, қысқа мерзімдік кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орналасатын ӘлМСҚ вебсайтын жүргізу

42.              

Өзімен бірге сақтандыруды (карточка) үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік жеткілікті болады ма?

Өз ЖСН білу жеткілікті немесе өзімен бірге жеке басын куәландыратынқұжат болуы тиіс

43.              

МӘлМС енгізу азаматтардан төлемдерді талап ету арқылы жемқорлықтың өсімін тудырмайды ма?

Біз жемқорлықтан кетудеміз. Адам ай сайын МӘлМС-ке жарналар төлейді және міндетті түрде, медициналық ұйымдар тарапынан қандайда бір қосымша шарттарсыз МӘлМС пакеті қарастырған көлемде қажетті медициналық көмекті алады. Ал Қор сіздің құқықтар мен мүдделеріңізді қорғайды.

Ал егер азамат ТМККК және МӘлМС пакетіне кірмейтін медициналық көмек алғысы келсе, онда ол өз қалтасынан немесе ерікті медициналық сақтандыру арқылы төлей алады

44.              

Жақында әкемізге есту аппаратын сатып алдық. МӘлМС шеңберінде өз бетінше сатып алынған техникалық оңалту құралдарына жұмсалған шығынның көлемін қалай анықтайтынын білгіміз келеді?

Өз бетінше сатып алынған техникалық құралдар төленбейді, егер бұл оңалту шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтердің бөлігі болса, онда олар МӘлМС пакетіне кіре алады

45.              

Стоматологиялық қызметтер міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кіреді ме? Ия болса, қашан?

Жоқ, аталған қызметтер әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кірмейді. ТМККК шеңберінде стоматологиялық қызметтер жүкті әйелдер мен балаларға қалады

46.              

Егер дәрігерлер, стационарда жоқ болғандықтан дәрілерді өзіңізге сатып алуды ұсынса, онда ММС жұмсалған ақшаны қай жағдайда қайтарады және дәрігерлер бұл туралы науқасты ақпараттандыруға міндетті ме?

Стационарлық көмек толықтай МӘлМС пакетіне кіреді және тегін ұсынылады. Егер пациент дәрілік препараттарды өз бетінше сатып алса, онда аурухана дәрігердің жолдамасын ұсыну бойынша дәрілердің құнын өтеуге тиіс. Қорға жүгінген кезде бұл жағдайлар тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады

47.              

Медициналық сақтандыру қорына жұмыс істейтін зейнеткерлер жарналар төлейді ме?

Егер зейнеткер жалдамалы жұмыскер бола, онда оның жұмыс берушісі жарналарды төлеуден босатылады, ол үшін мемлекет төлейді

48.              

Егер мен соңғы 3 жыл ішінде медициналық көмекке жүгінбесем, онда жарналар сомасы жиналады ма және оларды басқа мақсатқа алуға болады ма?

Жоқ болмайды, өйткені азаматтың жарналары жиналатын жеке шоты болмайды. Бұл зейнетақы немесе жинақтаушы шот емес.

Енгізіліп отырған жүйе міндеттемеге және ортақтастық принциптерінде негізделеді. Жарналар міндетті төлемдер болып табылады және оларды төлеуден ауытқуға ешкімнің құқығы жоқ.

Ортақтастық – бірнеше адамдардың арасындағы бір адамда ауру қатері пайда болу мүмкіндігін білдіреді. Бұл жағдайда, барлық түсімдер сол пациентті емдеуге бағытталады. Осындай жағдайлар шарасыз, бүгін барлығы оған, ал ертен ол басқаларына көмектеседі

49.              

Бізге МӘМС бойынша ЭКҰ алуға бола ма? Болса, неден бастау қажет?

 

Бұл рәсім мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакетінде қалады (ТМККК). Сондықтан рәсімді кезек тәртібімен өтеуге болады (квоталар), қазіргі таңда бұл қызметті МӘМС пакетіне қосу мәселесі қаралуда.

 

50.              

Мысалы, егер адам апатқа ұшыраса, оған шұғыл көмек көрсету үшін зардап шеккен адамнда медициналық сақтандыруының болу/болмауын анықтау қажет пе?

 

Жоқ, қажет емес, өйткені шұғыл көмек МӘМС-қа қатысуына қарамастан, барлық азаматтарға көрсетіледі.

 

Полиграфия

2014-2023 Copyright © СӨС Барлық құқықтар сақталған.

Top.Mail.Ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау "Web-inSite"