Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Менің ұраным – салауатты өмір салты!

қаз  рус
Пайдалы кеңестер

"103" қызметі

 

Шұғыл шақырулар:

  • талу
  • құрысу, тырысу
  • тыныс алудың кенеттен бұзылуы
  • жүрек аумағында кенеттен ауырсыну
  • қан құсу
  • іштің өткір ауыруы
  • қан кету, жарақаттану, улану
  • қатты тоңу, мұздау

Шұғыл емес шақырулар:

  • жөтел, тұмау, дене қызуының көтерілуі
  • бас ауыруы, айналуы
  • белдің, буындардың ауыруы
  • қан қысымының жоғарылауы
  • алкогольді немесе наркосиндром
  • созылмалы аурулардың асқынуы

 

 «Жедел жәрдемді» дұрыс шақыру

 

 «Жедел жәрдем» бригадасын мүмкіндігінше жылдам бағыттау үшін қоңырау шалушы «103» қызметі  фельдшерінің  сұрақтарына  нақты және дәл жауап беруі тиіс:

  • науқас адамның аты-жөні, жасы
  • қоңырау шалуға негіз болған себеп
  • науқас адамның мекен-жайы: көше атауы, үйдің  және пәтердің нөмірі 
  • телефон нөмірі
  • подъездың нөмірі мен коды, қабат
  • болуы мүмкін қоғамдық бағдар

 

«Жедел жәрдемді»

«103» нөмірі бойынша шақыруға болады

 

 Отбасымыздың  денсаулығын сақтайық!

 

Сіздің үйдегі дәрі қобдишасында не болу керек?

  • медициналық термометр
  • тонометр (қан қысымын өлшеу үшін)

  • мүсәтр спирті
  • йод, жасыл дәрі
  • 3 % сутегі тотығы
  • медициналық спирт
  • мақта (залалсыздандырылған және залалсыздандырылмаған), бинт, лейкопластырь
  • қызу түсіретін және ауыруды басатын дәрілер
  • тамақ ауруына қолданылатын дәрілер
  • азық-түліктен улану жағдайына активтелген көмір
  • диареяға қарсы дәрілік заттар
  • аллергиялық реакциялар жағдайына антигистаминді дәрілік заттар
  • валериан немес жалбыз тұнбасы

 Сіздің немесе сіздің отбасы мүшелерінің созылмалы аурулары бар болса, алғашқы көмек қобдишасында дәрігердің тағайындаған дәрілері міндетті түрде болуы тиіс.

  

Дәрілік заттарды балалардан алыс, қараңғы, салқын жерде ұстаңыз.

 

 

Полиграфия

2014-2023 Copyright © СӨС Барлық құқықтар сақталған.

Top.Mail.Ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау "Web-inSite"